Меню

Страницы

Статья

Алаяқтар тағы белсене бастады!

 БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жіберу жағдайларының жиілеп кеткені туралы хабарлайды.

 

 Алаяқтар әлеуметтік желілер және WhatsАрp арқылы жіберілетін хабарламалар арқылы ағымдағы жылдың маусым – қыркүйек айлары аралығында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін төменгі жеткіліктілік шегіне (бұдан әрі – ТЖШ) қарамастан шешіп алуға болатыны туралы жазуда.

Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында пайдалану көзделген. Ол үшін:

 - зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асуы керек. Бұл жағдайда ТЖШ асатын соманы пайдалана аласыз;

 - зейнетақы алып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі алмастыру коэффициентімен қамтамасыз ете алуы қажет. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;

 - сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болуы керек. Бұл жағдайда жеке зейнетақы шотында қалған қаражатты пайдалануға болады.

 Зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін (бұл ретте ТЖШ есепке алынбайды) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында көзделген жағдайларда ғана алуға болады. Атап айтсақ:

 - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде (ресімдеу рәсімі мен алуға мүмкіндік беретін шарттар мұнда);

 - мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 және 2 топ мүгедектігіне байланысты (толық ақпарат осында);

 - сақтандыру компаниясымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты шеңберінде алуға мүмкіндік берілген.

 БЖЗҚ белсенді түрде таратылып жүрген "жалған" хабарламаларды елемеуге, ақпаратты тек ресми көздерден алуға кеңес береді.

 Естеріңізге сала кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты кеңестерді БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да алуға болады:

 enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,

 көп арналы тегін байланыс арқылы, байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы

 БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

Дата публикации
20 мая 2023
Дата обновления
19 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Ақпарат
16 октября 2026
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»
Ақпарат
16 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы