Меню

Страницы

Статья

Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының 50% ала ала ма?

 

Әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы жинақтарының 50% алуға болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды!

Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануы:

Ø егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе көзделген. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50% алу мүмкіндігі туралы «жалған» хабарламаларды елемеуге кеңес береді! Оның үстіне, БЖЗҚ барлық операцияларды тегін жүргізеді.

 Қордың сервистері туралы барлық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған, барлық қызметтер Қор бөлімшелерінде не enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.

БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтықтан, атап айтсақ, көп арналы тегін байланыс арқылы, байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ «Сыныптастар», Telegram, "Facebook", "Контактіде", "Twitter" және "Instagram" сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsAрp көмегімен кез келген ақылкеңесті алуға болады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
23 января 2023
Дата обновления
23 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Ақпарат
16 октября 2026
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»
Ақпарат
16 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы