Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін басқарушыларды таңдау кеңейді

2022 жылғы 16 қарашада «БЖЗҚ» АҚ мен «Halyk Finance» Қазақстан Халық банкі ЕҰ» АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалды. Кастодиан-банк «First Heartland Jusan Bank» АҚ болып белгіленді.

Осылайша, қазіргі уақытта салымшы инвестициялық декларацияларымен және комиссиялық сыйақы туралы ақпаратымен таныса отырып, бес инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі - ИПБ) арасында таңдау жасай алады. Басқарушы компаниялар туралы барлық деректер көрсетілген ИПБ тізілімі www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Жинақтардың бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару» бөлімінде орналастырылған.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға ИПБ таңдау туралы өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш Қордың www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі барып жүгінген кезде берілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік сомасынан асатын бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады. Инвестициялық портфельді басқарушыға мәлімделген соманы аудару сәтіне дейін салымшы өзінің аударым жасау туралы шешімін өзгерте алады және өтінішінің күшін жоя алады.

ИПБ-ны өзгерту және зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру туралы өтініш жылына бір рет қана берілетініне назар аударамыз. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруға қатысты өтініш жинақтарды ИПБ-ға алғаш аударғаннан кейін тек 2 (екі) жыл өткен соң ғана берілуі мүмкін

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
13 декабря 2022
Дата обновления
13 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Ақпарат
16 октября 2026
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»
Ақпарат
16 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы