Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы алуға уақытында жүгінбеген 8 мың қазақстандық зейнеткер қазір төлемдерін алуда

БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, жыл сайын зейнеткерлік жасқа толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асыруда.

Салыстырып тексеру барысында БЖЗҚ мамандары зейнеткерлік жасқа толған және мемлекеттік бюджеттен зейнетақы алатын адамдарды БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне өтініш білдіру қажеттігі туралы хабардар етеді.

Маңызды сәт: жасы бойынша зейнетақы және мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындау үшін, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу үшін азаматтар бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласулары қажет.

Алайда 2018 жылға дейін мұндай қызмет болмаған: азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақы алуға құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға және зейнетақы жинақтарынан төлемдер алу үшін БЖЗҚ-ға жеке тапсырған. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және мемлекеттік төлемдерді ала бастаған кейбір азаматтар БЖЗҚ-ға төлем алуға өтініш білдірмеген.

Дәл осындай жүгінбеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Мобильді азаматтар базасында тіркелген Мемлекеттік корпорацияның 1414 Бірыңғай нөмірінен телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы жұмыс жүргізілуде. Мұндай хабарламаларды алған тұлғаларға жауап хабарлама жіберу жеткілікті. БЖЗҚ немесе ХҚКО-ға басқа да қосымша өтініштер мен құжаттарды тапсыру талап етілмейді.

Бұдан әрі БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер жасына байланысты зейнетақы төлемдерімен бірге бұрын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған банк шоттарына есептеледі.

Бұл ретте БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен мерзімі алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығына байланысты.

БЖЗҚ-ның төлем алуға өтініш білдірмеген зейнеткерлерді іздеу және хабарлау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 8 мыңға жуық адам өздерінің зейнетақы жинақтарынан төлемдер ала бастады.

Осы тақырып бойынша бейнесюжетті https://youtu.be/brXOhY2IkCg сілтемесіне өтіп көруге болады.

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
27 октября 2022
Дата обновления
27 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Ақпарат
16 октября 2026
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»
Ақпарат
16 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы