Мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік, экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің негізгі проблемаларының бірі мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметінің тиімділігінің жеткіліксіздігі болып табылады. Мемлекеттік қызмет жағдайының бұл маңызды көрсеткіші әзірге төмен деңгейде қалып отыр, оның себептерінің бірі – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықтың жоғары болуы.

Жоғарыда баяндалған Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 ақпандағы №802 Жарлығына байланысты "Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасы"бекітілді. Осы Тұжырымдаманың мазмұнына 7 бөлім енгізілген: тұжырымдама паспорты, ағымдағы жағдайды талдау, халықаралық тәжірибеге шолу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері, нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелер, тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары.

Дата публикации
20 июня 2023