Астанада құрылыс заңнамасын қолдану және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жетілдіруге қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен, Қазақстанның барлық өңіріндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының (МСҚБ) аумақтық бөлімшелерімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі баптардың талаптарын қолдану, заңсыз салынған нысандарға қатысты шаралар қабылдау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік бақылау аясында жедел ден қою шараларын орындамағаны үшін жауапкершілік мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды міндетті түрде техникалық тексеру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар құқық қолдану тәжірибесіне қатысты пікір алмасып, түйткілді мәселелер мен оларды одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды ортаға салды.
Жауапты мемлекеттік органдарға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының тиімділігін арттыруға, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан аумағында құрылыс сапасын жақсартуға бағытталған алдағы жұмыстың тиісті бағыттары айқындалды.
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының паспорты «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 176-НҚ бұйрығына сәйкес әзірленді.
«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ әзірлеуші болып табылады.
«Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 176-НҚ бұйрығының 3-тарауына сәйкес аталған жоба 2026 жылғы 24 қыркүйекте ашық бюджеттер интернет-порталында көпшілік талқылау үшін орналастырылды.
https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4362106&budgetState=
Астанада Құрылысшылар күніне орай сала мамандарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты жиын барысында елорданың құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға Астана қаласы әкімінің, қала әкімінің орынбасарының және Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының алғыс хаттары табысталды.
Жиында құрылысшылардың елорданы дамытудағы еңбегі ерекше аталып өтті. Тұрғын үй, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салып жүрген сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Ғани Тажиев құрылысшылардың еңбегі қаланың қарқынды дамуына және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей ықпал ететінін атап өтті.
«Құрылысшылар күні – біз үшін ерекше мереке. Осыған орай елорданың өркендеуіне үлес қосып жүрген ірі құрылыс компанияларының өкілдерін арнайы шақырып, еңбегін бағаладық. Бүгінде Астанада жаңа тұрғын үйлер мен түрлі нысан бой көтеріп жатыр. Оның бәрі – құрылысшылардың маңдай терінің жемісі. Жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес сапалы әрі қауіпсіз нысандар салуға басымдық беріліп отыр.
Бұл бағыттағы жұмыстарды құрылысшылар қауымы толық қолдайды, – деді Ғани Тажиев.
Іс-шара соңында марапат иелері көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ алдағы уақытта да елорданың дамуына үлес қосып, сапалы жұмысты жалғастыра беретіндерін жеткізді.
Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік, кәсібилік пен адалдықты талап ететін мәртебелі міндет.
Бүгінгі Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, ел игілігі жолындағы көпжылдық және мінсіз еңбегі үшін Жапанова Айжан Еркінқызы «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, халыққа адал қызмет етіп, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлеріміздің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. Осындай абыройлы жолда еңбек етіп жүрген азаматтарды тәрбиелеп өсіргендеріңіз және бала тәрбиесіне сіңірген қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және шаңырақтарыңызға бақ-береке тілейміз. Еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз үстем, абыройларыңыз асқақ болғай!
Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!
2026 жылғы 4 мамырдан бастап 2026 жылғы 17 маусымға дейін «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2026 жылдың 29 сәуірі күні 26-шы Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі - AstanaBuild 2026 өз жұмысын бастады. Аталған іс-шара дәстүрлі түрде сала қатысушыларын біріктіріп, заманауи шешімдерді таныстыру және тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.
Биыл көрмеге Қытай, БАӘ, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан және Оңтүстік Кореяны қоса алғанда, 8 елден 95 компания қатысуда. Экспозициялар құрылыс материалдарынан бастап жобалау саласындағы инновациялық технологиялар мен шешімдерге дейінгі кең ауқымды қамтиды.
Көрменің алғашқы күні «Құрылыс кодексі және саланы цифрландыру: Қазақстандағы жаңа ережелер, технологиялар және құрылыс басқару» тақырыбында пленарлық сессия өтті. Форум жыл сайын жетекші сарапшыларды, мемлекеттік органдар өкілдерін, сәулетшілерді, жобалаушылар мен құрылысшыларды - елдің құрылыс саласының болашағын қалыптастыратын мамандарды жинайды.
Талқылау барысында жаңа Құрылыс кодексін енгізуге дайындықтың негізгі мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құрылысқа бақылауды күшейту және құрылыс жүргізу тәртібін реттеу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, Құрылыстың бірыңғай порталын дамыту, BIM-технологияларды және жобаларды басқарудың цифрлық құралдарын енгізу, сондай-ақ құрылыс саласында жасанды интеллектті қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails,
https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomikaglavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm) зиянкестер iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда.
Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер, бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі. Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға итермелейді. Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.
Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистерді көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздер
және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.
Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.
Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере отырып, мыналар ұсынылады:
- SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл»
хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;
- бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар
арқылы тексеру;
- бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректерін
енгізбеу;
- барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы
аутентификацияны қосу;
- әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану;
- бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып,
барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.
Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеріңіз.
Астанада Yasin тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, үлескерлерге салтанатты түрде пәтер кілті табысталды. Бүгін баспаналы болған жүздеген отбасы үшін бұл күн ерекше қуаныш пен жаңа өмірдің бастауы болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бастапқы құрылыс компаниясы тарапынан Yasin тұрғын үй кешенін салу жұмысы 2022 жылдың тамыз айында басталған. Нысанды 2023 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланғанымен, қаржыландырудың жеткіліксіздігі салдарынан құрылыс қарқыны баяулаған.
2024 жылдың I тоқсанында нысанның дайындық деңгейі шамамен 40% болған. Сонымен қатар сыртқы және ішкі инженерлік желілер толық жүргізілмеген, ал жер учаскесіне қатысты құжаттар толық рәсімделмеген.
Кейін жобаға Mabex Group жеке инвесторы тартылып, соның нәтижесінде құрылыс толық аяқталды. 2026 жылғы 11 сәуірде Yasin тұрғын үй кешенінің жүздеген үлескеріне пәтер кілті табысталды.
«Тұрғын үйде 310 пәтер бар. Ал бүгін жүздеген үлескерге пәтер кілті табысталып отыр», – деді Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы Ернұр Баймұсаев.
Кілт табыстау рәсімі барысында тұрғындар жаңа пәтерлерін қабылдап алып, өз әсерлерін айтты.
«Бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн. Бұл пәтерді екі жыл күттік. Осы уақыт ішінде түрлі қиындықтар болды, бірақ соның бәрі артта қалды. Бүгін өз үйіміздің кілтін қолымызға алып, үлкен қуанышқа бөленіп отырмыз. Бұл біздің отбасымыз үшін жаңа өмірдің бастауы», – деді пәтер кілтін алған тұрғын Талғат Қайкенов.
Айта кетейік, тұрғын үй кешенінде заманауи инфрақұрылым қарастырылған. Аула аумағында балалар ойын алаңдары мен демалыс аймақтары жабдықталған.
«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) бюджеті мынадай бағыттардағы саясатты іске асыруға бағытталған:
- Астана қаласының аумағында салынып жатқан объектілерге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыру;
- Астана қаласының аумағында лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеуді жүзеге асыру;
- Астана қаласының аумағында тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласына бақылауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Басқарманың 2026 жылға арналған бюджеті 575 417,0 мың теңгені құрайды.
2026 жылға арналған бюджет шығыстары мынадай бағдарламалар бойынша көзделген:
- 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 575 619,0 мың теңге, аппаратты ұстау -35 штат бірлігі.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Салынып жатқан объектілерді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру және Астана қаласының аумағында лицензиялау мен аттестаттауды жүзеге асыру; Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:
- штат саны 35 бірлік аппаратты қамтамасыз ету және ұстау;
- мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
- 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» - 2 798,0 мың теңге.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Басқарманың мемлекеттік органдарының қызметін қамтамасыз ету;
Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: Басқарманың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру және нығайту.
Бүгін «Нұр Астана құрылыс» құрылыс компаниясының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституция жобасында көзделген негізгі ережелер мен басты өзгерістер, сондай-ақ олардың мемлекетті одан әрі дамыту, құқықтық негіздерді нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Таныстыру бөлімінен кейін ашық диалог өтіп, оның барысында қызметкерлер өзекті сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту мәселелері қозғалды.
Кездесу іскерлік әрі достық жағдайда өтіп, ұжымның жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға және елдің одан әрі дамуына жоғары қызығушылық танытқанын көрсетті.