Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, сізге заң тұрғысынан көмектесетін болады.
Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!
Іс-шараның өткізілетін мекен-жайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 32, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, 1 қабат.
Басталуы: 16 қыркүйек 2022 жыл, сағат 16:00
Кіру тегін!
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «ZAKON.KZ» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар және де еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары.