27.10.2021 ж. сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимаратында Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары К.Н. Сұлтаналин, Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) ұлттық конфедерациясының өкілі Н.Г.Твердовская, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Р.Қ. Жұмахметов және елорда құрылыс мекемелерінің басшылары қатысты.
Жоғарыда көрсетілген отырыста Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпорындарында өндірістік жарақаттану мәселесі қаралып, орын алған жазатайым оқиғалардың себебі болған құрылыс мекемелерінің заң бұзушылықтары көрсетілді.
Отырыс нәтижесі бойынша отырыс қатысушыларына және Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне хаттамалық тапсырма берілді.