Меню

Страницы

Статья

"Темекі өнімдерін сатуға және жарнамалауға тыйым салу"

Ағымдағы жылдың 26-шы қазанында, "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ мәжіліс залында "Темекі өнімдерін сатуға және жарнамалауға тыйым салу" тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің»  мақсаты, темекі өнімдерін сатуды болдырмау және темекі шегушілер мен темекі шегуден бас тартуға тырысатындар арасында темекі өнімдерін импульсивті сатып алуды ынталандыру үшін темекі өнімдерін сауда желілерінде ашық орналастыруға және көрсетуге тыйым салуға байланысты мәселелер бойынша шешімдерді талқылау болып табылады.

Іс-шараға, "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басшысы - Досқұлов Дәулет Боранбайұлы, "Nur Otan" партиясының "Ұлт денсаулығы" қоғамдық кеңесі төрағасының                   орынбасары - Садықова Жамиля Жеңісқызы және "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" ММ басшысының орынбасары - Ермолдина Гүлмира Тілеубайқызы қатысты.

Д.Б.Досқұлов іс-шараның барысында, біздің Басқарма өз құзыретінің шеңберінде осы саладағы ҚР заңнамасы нормалары талаптарының мүлтіксіз сақталуын тұрақты бақылауға алынғанын  атап өтті.

"Дөңгелек үстелдің" аясында "Nur Otan" партиясының "Ұлт денсаулығы" қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Садықова Жамиля Жеңісқызы және "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" ММ басшысының орынбасары - Ермолдина Гүлмира Тілеубайқызы сөз сөйледі.

Айта кетейік, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" заңға (ҚР Кодексі) сәйкес келесі талаптар қарастырылуда:

- темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды салып және ашық көрсете отырып сатуға тыйым салынады;

- сатылатын темекі өнімдерінің тізбесі бағаны көрсете отырып, қара-ақ мәтін түрінде параққа орналастырылуға тиіс, бейнелерсіз (әріптер міндетті түрде ақ түсте қара түсті болуы тиіс. Тізім әліпбилік тәртіппен жасалады);

- темекі өнімдерін сатып алушыға тізіммен танысқаннан кейін оның талабы бойынша көрсете алатынын ескертеміз.

Бүгінгі күнде, темекі өнімдерін өндірушілер мен олардың ірі жеткізушілері барлық қызмет көрсетілетін сату нүктелерін арнайы жабдықпен (темекі өнімдерін бүркемелеу үшін жабылатын бокстармен) жабдықтады.

Темекі бұйымдарының жекелеген саудасындағы сатылу кезіндегі тауар туралы ақпарат бағасы көрсетіліп, сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы сатып алушыға жеткізілуі тиіс. Сондай-ақ, өнімді көрсету сатып алушылардың талабы бойынша жүзеге асырылады.

         Бұл заң, халық арасындағы импульсті сатып алудың айтарлықтай төмендеуіне, балалар мен жасөспірімдердің темекіге деген қызығушылығының төмендеуіне әкеледі. Темекі өнімдері аздау түрінде танымал болады.

Дата публикации
27 октября 2021
Дата обновления
27 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
13 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
13 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы