Меню

Страницы

Статья

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының және қала маңының тұрғындары!

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қараусыз қалған малды жаю фактісі анықталған кезде Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциямен және астананың аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлардың меншік иесін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 406, 408-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде комиссиялық шешім қабылдайтынын хабарлаймыз.

Жануар иесінің жеке басы және мән-жайлар анықталғанға дейін қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарлары Нұр-Сұлтан қаласы, Алаш тас жолы, 72 мекенжайы бойынша ұсталатын болады.

 Жануарларды иесiне қайтарған кезде жануарларды бағып келген адам сол жануар иесiнен жануарларды бағуға байланысты шығындарын өтеп алуға құқылы.

Бұл шаралар қараусыз қалған жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ мал ұрлықтары  мен ұрланған малды заңсыз өткізудің алдын алуға мүмкіндік береді.

Барлық қызықтыратын сұрақтарыңыз бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызға болады: 8(7172)55-68-96, 8(7172)28-59-70.

Дата публикации
11 октября 2021
Дата обновления
11 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
13 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
13 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы