Зарарсыздандыру - қаңғыбас мысықтар мен иттер санын реттеудің жалғыз жолы.
Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік осал тұрғындары мен қалалық жануарларға арналған баспаналардағы 1500 мысық пен 2500 итке ТЕГІН зарарсыздандыру және піштіру жүргіземіз.
Ота жасау Қазақстандағы жануарларды қорғау «INUCOBО» ассоциациясы берген талондар арқылы жүзеге асады: Нұр-Сұлтан қ., Кенесары көшесі 52 үй тел: 8-701-012-86-12
Алдын-ала жазылу: 10.00 бастап 18.00 сағат аралығында.
Негізгі талаптар:
* мысық немесе ит толығымен сау болуы;
* құрттардан таза болуы;
* вакцинацияланған;
* ота жасау алдын 4-5 сағат аш ұстау қажет;
Сіздерді және сіздердің үй жануарларыңызды күтеміз!