Меню

Страницы

Статья

Жануарларға арналған баспана

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны негізінде иттер мен мысықтарға арналған уақытша ұстау изоляторы, жануарларға арналған тәлімбақ жұмыс істейді. Изолятор 300 қоршаудан тұрады. Тәлімбақ құрамына 100 ит пен 100 мысыққа арналған карантин аймағы бар қабылдағыш, иттерді серуендетуге және жаттықтыруға арналған алаңдары бар 500 орындық иттерге арналған ашық үлгідегі қоршаулар аймағы, сондай-ақ шаруашылық құрылыстар аймағы кіреді.

Жануарларды ұстау мерзімі – 2 ай. Иттер мен мысықтарды ұстау кезеңінде қажетті күтім мен тамақтандыру, қоршауларды күнделікті механикалық тазарту және дезинфекциялау жүргізіледі. Барлық жануарлар ветеринар маманның бақылауында болады, сонымен қатар карантин мен чиптеу процедурасынан өтеді.

Ауланған иттер мен мысықтар уақытша ұстау изоляторында ұсталып, жағдай анықталғанға дейін 60 тәулік бойы қоршауда болады. Бұл үй жануарларын жоғалтқан адамдар хабарласып, жануарларын алып кетуі үшін жасалады. Үй жануарлары иесінің паспорты болған жағдайда қайтарылады,  иесі жазбаша өтініш жазуға міндетті.

Ұстау мерзімі аяқталғаннан кейін, иесі болмаған жағдайда, иттер мен мысықтар мейірімді жандарға, жануарларды қорғау және еріктілер ұйымдарына беріледі.

Изолятор мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақсүмбе көшесі, 1.
Тәлімбақ  мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Н. Тілендиев даңғылы мен
№20-1 көшесінің қиылысы. Тел.: 28-59-70, 57-03-54.

 

Дата публикации
10 сентября 2021
Дата обновления
10 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
13 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
13 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы