Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Нұр-Сұлтан қаласы маслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №448/62-V «Нұр-Сұлтан қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» шешімімен бекітілген қағида негізінде жүргізіледі.
Қаңғыбас ит пен мысықтарды ұстау, уақытша ұстау және жою жұмыстарын ШЖҚ «Астана ветсервис» КМК арнайы мекемесі іске асырады.
Қала бойынша арнайы автокөліктермен 2 бригада жұмыс істейді.
iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығынан, ШЖҚ «Астана ветсервис» КМК 8(7172)-28-59-70, +77052970928 (WhatsApp) байланыс телефондары арқылы, сонымен қатар, Facebook@Аstana Vetservice, Instagram@astana_vetservice әлеуметтік желілері арқылы түскен өтініштермен күнделікті жұмыстар жүргізіледі.
Рұқсат берілген аулау құралдарына мыналар жатады: ілгіштер, торлар, жануарларды аулау кезінде өлімге әкелмейтін басқа да құралдар мен бейімдер.
Сұраныс болмаған қаңғыбас және қараусыз қалған жануарлар екі ай өткеннен кейін үшінші тұлғаға немесе жануарларға арналған баспанаға күтіп-бағуға беріледі.