Меню

Страницы

Статья

Еңбектік қарым-қатынастарын бақылау бөлімі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру нысанында жүргізеді.

Бұл ретте тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 145 -бабының 1 -тармағына сәйкес мемлекеттік органмен тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады.

Еңбек қақтығыстарының алдын алуға және елордада тұрақты әлеуметтік жағдайды сақтауға әсер ететін маңызды факторлардың бірі - жалақының уақытылы болуы, жұмысшыларға еңбек жағдайының жасалуы және жұмыс орындарының сақталуы.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақ орталығымен бірлесіп, жұмыс орындарын сақтау, жалақы бойынша берешектерді болдырмау, еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу, оның ішінде қала кәсіпорындарында жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын арттыру бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіре отырып, еңбек ұжымдарымен және ұйымдардың басшылығымен тұрақты кездесулер өткізеді.

Еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу мақсатында әлеуметтік желілерде еңбек заңнамасының талаптарын бұзу мәселесі бойынша ақпараттық -түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
10 сентября 2021
Дата обновления
10 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
13 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
13 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы