Меню

Страницы

Статья

Карантин кезіндегі БЖЗҚ Байланыс орталығының жұмыс тәртібі

Карантин кезіндегі БЖЗҚ Байланыс орталығының жұмыс тәртібі

     Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «БЖЗҚ» АҚ карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың 01 маусымнан 30 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығының мынадай жұмыс кестесін хабарлайды:

жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

     Корпоративтік www.enpf.kz сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp пен Viber чат-боты және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшалары арқылы кеңес алу мүмкіндігі Байланыс орталығының жұмыс кестесіне ұқсас болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
21 июня 2021
Дата обновления
21 июня 2021
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
13 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
13 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы