«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ сәулет-құрылыс қызметі салаларында бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Сәулет-құрылыс бақылауына қатысты
2025 жылы сәулет-құрылыс бақылау қорытындылары бойынша:
- жеке және заңды тұлғаларға қатысты 624 жоспардан тыс тексеру тіркелді;
- 250 млн. теңгеден астам сомаға 569 айыппұл салынды;
- бақылау субъектілері орындауға міндетті бұзушылықтарды жою туралы 341 нұсқама берілді.
Бұдан басқа, заңсыз құрылыс фактілерін болдырмау мақсатында Басқарма нұсқамалардың талаптарын орындау және объектідегі бұзушылықтар жойылғанға дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы талап қою арыздарын беру практикасын жолға қойды.
2025 жылы 50 талап арыз берілді, оның 40 қанағаттандырылды, 1 медиация, 1 қараусыз, 4 бас тартылды, 3 сотта қаралуда.
Бүгінгі таңда Астана қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірлесіп сот актілерін мәжбүрлі орындау жұмысы үйлестірілген.
Астана қаласының Әділет департаментінде мәжбүрлеп орындауда 177 сот актісі бар.
Басқарманың ақпараттық базасында салынып жатқан 1571 объекті тіркелген.
Анықтама: КТК – 472 (кезек), әкімшілік объектілер, қоғамдық ғимараттар – 65, өндірістік және өнеркәсіптік объектілер – 198, білім беру және спорт объектілері – 62, Денсаулық сақтау объектілері – 13, инженерлік желілер – 401, жолдар, көшелер мен көпірлер – 49, шағын бизнес объектілері, дүкендер, мейрамханалар, қонақ үйлер, ЖҚС, ТҚҚ және автожуу – 82, сауда объектілері, бизнес-орталықтар, офистік ғимараттар, СОО, базар – 52, автоорталықтар – 19, өзге де объектілер – 158.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта заңға сәйкес объектіні пайдалануға беру мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатынын, яғни құрылыс сапасы үшін құрылыс салушы, бас мердігер, авторлық және техникалық қадағалау тікелей жауапты екенін атап өткен жөн.
2025 жылы Басқарма шамамен 4 813 000 шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға берді.
Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласына бақылауды жүзеге асыру.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 31 қаңтардағы Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасы шеңберінде қалған 16 проблемалық нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін бүгінгі таңда үлескерлерге үлестік қатысуы бар проблемалы үйлердің тұрғын үй мәселелері шешілді.
2019 жылдан бастап 150 проблемалы үйді аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, онда 16 мыңға жуық үлескер отбасы өз пәтерлерінің кілттерін алды.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде жергілікті атқарушы орган 2018-2025 жылдан бастап жалпы сомасы 224 млн. теңгеге 301 құрылыс ұйымын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Лицензиялау және аттестаттау саласындағы қызметке қатысты
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін компаниялар мен жеке тұлғаларға 208 лицензия берілді.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық және инжинирингтік қызметтерді (техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру, қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау) жүзеге асыратын 182 сарапшы аттестатталды.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша барлығы 72 компания аккредиттелді.
Бүгінгі таңда «Жобалау қызметіне лицензия беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру», «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін Басқарма «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының тікелей байланысынсыз электрондық түрде көрсетеді.