"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жобалау қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығына 1-қосымша |
1. Осы "Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленген және іздестіру қызметіне лицензия беру рәсімін регламенттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
2) біліктілік талаптары - өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;
3) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
4) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.
3. "Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
6. Қайта ұйымдастыру себептері бойынша іздестіру қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу және (немесе) алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекітілген бірыңғай біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкестігін қарайды - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және "жеке кабинетке" жолдайды.
3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда іздестіру қызметіне лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары:
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда) жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
10. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.