Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2014 жылғы 9
желтоқсандағы № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2014 жылы 24 желтоқсанда № 9994 тіркелді.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің 30.07.2019 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 23-9) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің 30.07.2019 № 583 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті
заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық
ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы
Өскенбаевақа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы
Дата публикации
25 апреля 2025