Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын
және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды
аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №
114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6
қаңтарда № 10058 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму
министрінің 27.04.2017 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1)
-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің м.а. 01.04.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы
сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге
асыратын сарашпыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің
27.04.2017 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Б.А.
Смағұлов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрықтың, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелген соң, күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде
және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.