«Астана қаласының Қалалық орта сапасы және басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

«Астана қаласының Қалалық орта сапасы және басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және жою мақсатында «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) жыл сайын басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдаулар туралы ақпарат ukkgs.astana.kz ресми сайтында орналастырылған.

Жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және бекітіледі, олар бойынша шаралар белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысына және шектеулерге қатысты талаптарды сақтауын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар, қоғамдық қатынастардың жекелеген саласында қызмет ететін тұлғалардың белгіленген ережелерді мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін айқындайтын Басқарманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленіп, бекітілді.

Басқарма ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар ілінген, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен кездегі тәртіпті түсіндіретін ақпараттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бейнероликтер де веб-сайтта орналастырылған.

Қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде тексеру жүргізу тәртібі мен шарттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру тұрақты негізде жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ ұжым арасында құқықтық-адамгершілік сана мен құқықтық мәдениетті арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және ерекше бақылауда.

«Астана қаласының Қалалық орта сапасы және басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
Дата публикации
02 февраля 2024