Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 9, анықтама үшін телефондар, 8 (7172) 55-75-26, 55-01-84, электрондық мекенжай: a.abdilda@astana.kz, ikomek@ikomekastana.kz Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 9 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" МКК басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығын ұйымдастыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білім;
- мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
- мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Кадрлық менеджмент пен персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп және есептілік негіздерін, мемлекеттік кәсіпорын туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы білу.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 16 маусым 2022 жылы, 15-00 с., Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 9, 3 қабат, конференц зал.