Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27561 болып тіркелді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп
арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы»
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы
№ 505-2632 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 02-12/134 ұсынымына сәйкес
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер телімдерінде карантин режимінің күші жойылсын:

1) Қабанбай батыр даңғылы, № 9/2 («Премьера – 3» тұрғын үй кешені);

2) теміржолдар (Железнодорожный тұрғын алабы), 22-жолдағы табельдік будка;

3) теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), М212 белгісі, 10-аудан.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
    2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23868 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі                                                А. Көлгінов

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің орынбасары                                                              Н. Нұркенов

 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                            Ж. Шәукентаев

      

«Нұр-Сұлтан қаласының

Қалалық орта сапасы

және бақылау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                       Д. Досқұлов

 

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
15 апреля 2022