Меню

Страницы

Статья

Бюджет атқарылуының негізгі рәсімдері

Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.

Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы:

1) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазуды;

2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді;

3) бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды қамтиды.

Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын Бюджеттік Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.

Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.

Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.

Астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

Астананың әкімдігі қоғамдық кеңестің отырысында астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.

Астана әкімдігі есепті қаржы жылындағы астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:

1) ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей астананың тексеру комиссиясына;

2) ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей астананың мәслихатына ұсынады.

Мәслихат өткен қаржы жылындағы астана бюджетінің атқарылуы туралы астана әкімдігінің жылдық есебін астана бюджетінің атқарылуы туралы астананың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

Астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

__________________________

Ссылка на сайте Министерства Финансов РК

Этапы исполнения бюджета

Дата публикации
21 февраля 2018
Дата обновления
21 февраля 2018
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы