«Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Нұр-Сұлтан қаласы 2021 жылғы 19 наурыз
Біз, жұмыс тобының құрамында: Басқарма басшысының орынбасары Р.С. Нұрғазина, әкімшілік бөлімінің басшысы А.Т. Бекжігітова, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есептілік бөлімінің басшысы С.К. Тілеуова, бюджеттің орындалуын жиынтық талдау және қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру бөлімінің басшысы Е.Д. Ахметов, әлеуметтік саладағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау бөлімінің басшысы С.Т. Донбаева, қарызды есепке алу, инвестициялық жобалардың орындалуын талдау және нақты сектордың бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.К. Шыңғалиева, басқару органдары, қорғаныс және құқық қорғау органдары саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау бөлімінің басшысы А.С. Тастанбекова, әкімшілік бөлімінің бас маманы Б.Э. Алибеков (уақытша сырқатына байналысты қатыса алмады) 2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурыз айы бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және «Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ басшысының 2021 жылғы 11 наурыздағы № 8/О бұйрығының негізінде жүргізілді.
«Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулыларын, шешімдері мен өкімдерін және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 1-449 қаулысымен бекітілген Басқарма туралы ережені басшылыққа алады.
І. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Бөлімдер туралы ереже басқарма басшысының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 17/1 бұйрығымен бекітілген.
Басқарма жергілікті бюджеттің атқарылуы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулыларына, шешімдері мен өкімдеріне және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 1-449 қаулысымен бекітілген Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы келесі нормативтік-құқықтық актілерді зерттеді: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Салық кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы.
Басқарманың қызметін талдау барысында Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер нормаларының сәйкессіздігі жоқ екендігі анықталды.
Басқарманың қызметін талдау барысында салалық заңнаманың дискрециялық нормалары жоқ екендігі анықталды.
ІІ. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Басқарманың штат кестесі Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 114-6 өкімімен бекітілген. Талдау жүргізу кезінде Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны 23 адамды құрайды, бос орындар жоқ.
Бұл ретте басшы құрамының саны – 9 адам (штат санының 40 %) (басшы, орынбасарлар, бөлім басшылары), басшыдан тыс (бас мамандар) 14 адам (штат санының 60 %).
2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурыз айы аралығында ауысымдылық болған жоқ.
Ауысымдылық бөлігінде «командалық орын ауыстырулар» анықталған жоқ.
Мынадай комиссиялар қызметін ұйымдастырады және жұмыс істейді: тұрғын үй комиссиясы, еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия.
Басқарма қызметкерлері жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтына оқуға жіберіледі.
Ай сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қорғаныс департаментіне (әскери міндеттілер бойынша) қызметкерлер бойынша есептік мәліметтер ұсынылады.
Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы (мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық) анықталмаған.
Басқарма мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды ондай функциялардың болмауына байланысты жүзеге асырмайды.
Басқару ережесінде бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру көзделмеген.
Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасында өтініштер бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларының негізінде жүргізіледі, ол барлық мемлекеттік органдардың өтініштерді қарауының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Номенклатураға сәйкес өтініштер бойынша іс жүргізу басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі. Басқарманың атына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері уақтылы тіркеледі, өңделеді, орындалады және бақыланады. Барлық өтініштер бойынша уақтылы жауаптар жолданды, өтініштерде қойылғ ан сұрақтарға түсініктемелер берілді. Өтініш берушілерге жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде берілді. Жазбаша өтініш жасаған өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон берілді.
Басқармада атқарушылық тәртіпті сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері Басқарманың аппараттық кеңестерінде жүйелі түрде қаралады.
Бөлімдердегі осы бағыттар бойынша жұмыс жағдайына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз етуге талдау жүргізілді, бақылауды арттыру, өтініштерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып қарауға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурыз айы аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қатысты Басқарма басшылығының іс-әрекетіне азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштері түскен жоқ.
Басқарма басшылығы азаматтарды жеке қабылдау үшін арнайы сағаттар мен күндерді белгілеген, қабылдау кестесі көпшілікке көрінетін жерде орналасқан және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылған.
2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурыз айы аралығында Басқармаға 10 өтініш келіп түсті: заңды тұлғалардан – 3, жеке тұлғалардан – 7. Барлық өтініштер мерзімінде қаралып, орындалды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері автоматтандырылған базада тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындау мерзімі белгіленеді.
Өтініштердің негізгі мәселелері:
- қаржыландыру және бюджет мәселелері;
- жалпы сұрақтар.
Қайталанған және анонимдік өтініштер және шағымдар түскен жоқ. Белгіленген мерзімдерді бұза отырып орындалған өтініштер жоқ.
Тоқсан қорытындысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша басқармасына статистикалық есептер жолданады.
Есепті кезеңде белгіленген мерзімде құжаттарды орындау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Бақылау-өкімдік құжаттарды орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған қызметкерлер болған жоқ.
Сонымен қатар, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі шеңберінде Басқарма Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығымен бекітілген Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына сәйкес ай сайын «Ашық бюджеттер» электрондық үкімет сайтында Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бюджетін орындалу сатысында орналастырылады.
Бұдан басқа, Басқарманың интернет-ресурсында «Бюджеттің атқарылуы» деген бөлімде азаматтық бюджет, Нұр-Сұлтан қаласы бюджеті түсімдерінің атқарылуы туралы есеп және шығыстарының атқарылуы туралы есеп орналастырылады.
Сонымен қатар, Басқарма жоғарыда көрсетілген интернет-ресурстарда бюджеттік бағдарламалар, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер орналастырады, мемлекеттік аудит қорытындылары туралы ақпарат қаржылық бақылау жүргізу қорытындылары бойынша орналастырылады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында білім беру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыптарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылып өткізіледі.
Талдау жүргізу кезеңінде қызметкерлердің лауазымдық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану фактілері анықталған жоқ.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамау бойынша бұзушылықтар жоқ.
Басқарманың ұйымдық құрылымына сәйкес бөлімдер мынадай бағыт түрлерін жүзеге асырады:
1) Бюджеттің орындалуын жиынтық талдау және қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру бөлімі.
2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурыз айы аралығындағы талдау кезеңінде бөлімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жалпы ұсыныстар:
Нұр-Сұлтан қаласы Қаржы басқармасы
басшысының орынбасары __________ Р. Нұрғазина
Әкімшілік бөлімінің басшысы ________ А. Бекжігітова
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
есептілік бөлімінің басшысы __________ С. Тлеуова
Бюджеттің орындалуын жиынтық талдау
және қаржыландыру жоспарларын
қалыптастыру бөлімінің басшысы _______ Е. Ахметов
Әлеуметтік саладағы бюджеттік
бағдарламалардың орындалуын талдау
бөлімінің басшысы _________ С. Донбаева
Қарызды есепке алу, инвестициялық
жобалардың орындалуын талдау
және нақты сектордың орындалуын
талдау бөлімі басшысының
міндетін атқарушы ________ Б. Шыңғалиева
Басқару органдары, қорғаныс және
құқық қорғау органдары саласындағы
бюджеттік бағдарламалардың
орындалуын талдау бөлімінің басшысы _________ А. Тастанбекова