Меню

Страницы

Статья

"БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов "Зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігі" тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты

"БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов "Зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігі" тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты

           2025 жылғы 12 ақпанда Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары ұйымдастырған "Зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігі" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

           Сенат депутаттарынан басқа іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Ұлттық банктің, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының ("БЖЗҚ" АҚ) басшылығы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қатысты.

           "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ж. Б. Құрманов қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі және "БЖЗҚ" АҚ қызметі туралы баяндамасында қатысушыларды әлемдегі зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы жаһандық трендтер, елдегі демографиялық ахуал, MCGPI жаһандық зейнетақы индексіндегі Қазақстанның зейнетақы жүйесін халықаралық бағалау, республиканың жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері, "БЖЗҚ" АҚ сервистері мен қызметтері туралы хабардар етті. Дөңгелек үстел барысында сондай-ақ, зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар қаралып, талқыланды.

             "БЖЗҚ" АҚ Басқарма Төрағасы Ж. Б. Құрмановтың "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі және «БЖЗҚ» АҚ қызметі туралы"  таныстырылымын  көруге кеңес береміз.


БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
17 февраля 2025
Дата обновления
17 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы