Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық адвокаттар алқасының қызметкерлері үшін онлайн-вебинар өткізді

«БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық адвокаттар алқасының қызметкерлері үшін онлайн-вебинар өткізді

 

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түрлі іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. 2024 жылдың басынан бастап Қор филиалдары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының шеңберінде 35,3 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіп, оған 740,3 мыңға жуық адам қатысты. Ал ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 6 желтоқсанында Алматы облыстық адвокаттар алқасының қызметкерлері үшін кезекті онлайн-вебинар ұйымдастырылды.

 

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары С. Егеубаева модератор болған іс-шара барысында Қор мамандары қатысушыларды отандық зейнетақы жүйесінің құрылымымен таныстырды. Атап айтқанда, Стратегиялық даму департаментінің директоры К. Фазылова әлемдік зейнетақы жүйелерінің түрлері, жинақтаушы жүйенің артықшылығы, халыққа БЖЗҚ көрсететін зейнетақы қызметтері, сондай-ақ, Қордың негізгі басқарушысы ретінде ҚР Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушылардың инвестициялық қызметінің әртүрлі аспектілері туралы баяндады. Өз кезегінде, Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті директорының орынбасары Г. Кимолаева қатысушыларды зейнетақы төлемдерінің түрлері және оларды азаматтардың әртүрлі санаттары үшін алу алгоритмімен таныстырды.

 

Екінші онлайн-вебинар барысында Төлемдерді ұйымдастыру және ақпараттандыру департаменті Төлем әдістемесі басқармасының бастығы Г. Ағайдарова, Заң департаментінің директоры Н. Бақтыбаев және Заң департаментінің Зейнетақы қызметін құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы М. Сыздықова жиналғандарды түрлі жағдайларда төлемдер жасау қызметтерін көрсету рәсімдері, БЖЗҚ-дағы сот практикасы және салымшылардың зейнетақы жинақтарының құпиясы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

 

Таныстырылымнан кейін Қор мамандары Алматы облыстық адвокаттар алқасы өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.    

 

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. 

 

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
23 декабря 2024
Дата обновления
23 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы