Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ-ның автоматты режимде көрсететін қызметтерінің саны күн сайын өсуде

«БЖЗҚ» АҚ-ның автоматты режимде көрсететін қызметтерінің саны күн сайын өсуде

          01.01.2024ж. бастап 31.05.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 24,0 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 9,7 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 13,5 млн қызмет автоматты түрде, ал шамамен 0,3 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 492 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 471 мыңға жуық қызмет ұсынылды.

          Автоматты режимде көрсетілетін қызметтер санының күн санап өсіп жатқанын ерекше атап өткен жөн. Әсіресе, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу өсімі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) енгізуге, сондай-ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде төлемдерді есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ-ның қызмет ауқымын кеңейтуге байланысты болды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі. Қызметтердің көп түрі, оның ішінде, шоттарды автоматты түрде ашу, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу және ЖМЗЖ сомаларын есепке алу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялануының арқасында мүмкін болып отыр.

          Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 4,2 млн бірліктен асты.

           Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ, нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу - әлі де ең танымал қызмет қатарында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 11,0 млн астам үзінді көшірме берілді. Оның ішінде 8,7 млн үзінді көшірме электронды түрде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 79%) және шамамен 2 млн автоматты режимде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 118%) рәсімделді.

          БЖЗҚ сайттағы және ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне, банктік деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу, ерікті зейнетақы жарналарын аудару және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.  

          2024 жылғы есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге 96,7 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 86,9 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызметке жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыру бойынша да қосымша кеңестер ала алады.

          Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 17,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 373,2 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 16,5 мың материал жарияланды.

          Салымшылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 287,7 мың. 

          Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. 

          БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
27 июня 2024
Дата обновления
27 июня 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы