"БЖЗҚ" АҚ-да " Ашық есік күні"
"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 15 наурызда "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбында "Ашық есік күнін"өткізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Оған базалық және ортақы зейнетақылар, сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасатын зейнетақы төлемдері кіреді.
Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға 2024 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ) жаңа құрамдауышын - зейнетақыларының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей тәуелді болатын қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қолдауға бағытталған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу туралы айтып береді.
Іс-шараға қатысушылар ЖМЗЖ мөлшері неге байланысты болатынын, сондай-ақ, жұмыс берушіге жүктеменің қалай теңгерілгенін және ол үшін қандай салық жеңілдіктері қарастырылғанынан хабардар болады. Қор қызметкерлері ЖМЗЖ-ны қалай дұрыс және нақты кім үшін төлеу керектігін, сондай-ақ, жарналардың басқа түрлерінен қандай айырмашылығы бар екені туралы түсіндіреді.
Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ, БАҚ өкілдері шақырылады. Аталмыш шара Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялауға тартылған жұмыс берушілерге де, журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" 15 наурыз күні онлайн-форматта өтеді. Уақыт: (10:00; 12:00; 14:00; 16:00).
Тақырып: "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ"
«БЖЗҚ» АҚ Астана қаласындағы филиалы Сіздерді жоспарланған Zoom - конференцияға шақырады:
Уақыты: 10:00 сағат.
Zoom кездесуіне қосылыңыз : https://us05web.zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09&omn=83818511678
Конференция идентификаторы: 667 657 8184
Қол жеткізу коды: 123456
Уақыты: 12:00 сағат.
Zoom кездесуіне қосылыңыз : https://us05web.zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09&omn=83984927534
Конференция идентификаторы: 667 657 8184
Қол жеткізу коды: 123456
Уақыты: 14:00 сағат.
Zoom кездесуіне қосылыңыз : https://us05web.zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09&omn=82691193003
Конференция идентификаторы: 667 657 8184
Қол жеткізу коды: 123456
Уақыты: 16:00 сағат.
Zoom кездесуіне қосылыңыз : https://us05web.zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09&omn=81118860600
Конференция идентификаторы: 667 657 8184
Қол жеткізу коды: 123456
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).