Меню

Страницы

Статья

"Зейнет.kz" ақпараттық науқаны - ең үздік халықтық PR-жоба ретінде танылды

"Зейнет.kz" ақпараттық науқаны - ең үздік халықтық PR-жоба ретінде танылды

          Баспасөз қызметінің өкілдері, жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар және қазақстандық компаниялардың PR-бөлімшелері, кәсіпорындар, қауымдастықтар, фрилансерлер және т. б. арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары жарияланды.

          Байқауды Newsroom Media ақпараттық агенттігі, AB Digital қоғамдық қоры "PR ROOM" РR-қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

          Байқаудың басты мақсаты - Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қазақстандық мамандардың шығармашылық және креативті әлеуетін бағалау. Сайысқа қатысуға 55 өтінім берілді. Байқауға қатысқан жобалар авторлық өнім болып табылады және олардың барлығы 2023 жылы жүзеге асырылды.

          Байқаудың қазылар алқасының мүшелері Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орай "БЖЗҚ" АҚ өткізген "Зейнет.kz" ақпараттық науқанын жылдың үздік халықтық жобасы ретінде бағалады.

          БЖЗҚ ұсынған жоба танымал ақпараттық-танымдық және сараптамалық "Зейнет.kz" телебағдарламамен аттас атауға ие болып, оның аясында халықты зейнетақымен қамсыздандырудың маңызды тақырыптары қозғалады.

          Салымшылардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және басқару жөніндегі құқықтарының кеңеюі жағдайында қаржылық сауаттылық пен ақпараттандыру мәселелері қазақстандықтар үшін өте өзекті болды. Сондықтан БЖЗҚ жүзеге асырған жобалардың бірі –"Зейнет.kz" (Пенсия.KZ) телебағдарламасы аса танымал және халықтық сипат алды. Бағдарламада нақты ұсынымдар беріліп, қолжетімді және түсінікті негізде зейнетақы саласындағы жаңалықтар мен оқиғалар, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, қызу талқыға түсіп, енгізілетін бастамалар туралы баяндалады.

          Қазақстандықтар зейнет жасына жеткенде ұтымды пайдалану үшін өз жинақтарын қалыптастыруға ширек ғасыр бойы қатысып келеді. Қалыптасу жолының жартысынан көбі өтті: жалпы цикл бір ұрпақтың еңбекке жарамды уақытына тең 40 жыл деп есептеледі.

         "Зейнет.kz" (Пенсия.КЗ) жобасында, сондай-ақ, басқа да танымал теле- және радиобағдарламаларда отандастарымыздың көкейінде жүрген тақырыптар мен 2023 жылғы қыркүйекте әлемдік және қазақстандық жетекші сарапшылардың қатысуымен өткен «Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі» атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелде талқыланған зейнетақы жүйелерінің алдында тұрған міндеттер, оларды Қазақстанның зейнетақы жүйесінде қолдана отырып шешу жолдары туралы репортаждар, сұхбаттар, материалдар мен бейнесюжеттер ұсынылды.

          Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру үшін ақпараттық бейнематериалдар (Қазақстанның зейнетақы жүйесі, зейнетақы қызметтерін цифрландыру, БЖЗҚ қызметі) әзірленді. Халықаралық дөңгелек үстел аясындағы басқосудың сайты ашылып, баспада басылып, эфирге шыққан 300-ден астам жарияланымдар мен сюжеттерге негіз болған ақпараттық материалдар дайындалып, БАҚ-қа жіберілді, 8 негізгі қазақстандық медиа-серіктестермен өзара ынтымақтастық негізінде әріптестік орнатылды. Халықаралық дөңгелек үстелдің тікелей бейнетаралымы өткізілді. Тәуелсіз қазақстандық және халықаралық сарапшылардың эксклюзивті сұхбаттары БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында жарияланды.

 

          Осылайша, бүкіл еліміз бойынша және шетелдегі миллиондаған азаматтарды қамтыған БЖЗҚ аудиториясының ыстық ілтипатына ие болған "Зейнет.kz" (Пенсия. кз) ауқымды іс-шаралар кешені жылдың ең үздік халықтық жобасы деп танылды. Жоба шеңберіндегі барлық материалдарды БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан тамашалай аласыздар.

 

          БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

Дата публикации
05 февраля 2024
Дата обновления
05 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы