Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі 11 айдағы таза инвестициялық кірісі 1,2 трлн теңгеден асты

БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі 11 айдағы таза инвестициялық кірісі

1,2 трлн теңгеден асты

 

 2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 1,2 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 468,54 млрд теңгеге немесе 60,3% артық.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық жыл басынан бері 01.12.2023 ж. жағдай бойынша 8,11% құрады.

 Инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық кірісті алу мақсатында зейнетақы активтерін басқарушылар болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін ҚР-да және шетелде экономиканың түрлі секторларының әр түрлі қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, портфельді әртараптандыру арқылы 11 ай ішінде оң инвестициялық табыс алынды.

 Атап кетейік, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңіне талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, айлық және т.б.) индикативті емес, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.

 Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Төлемдер құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңде кірістіліктің төмендеуі кезінде де айырмашылықты өтеуге мемлекет кепілдік береді.

 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

 Көптеген қызықты және пайдалы ақпарат, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбатты - БЖЗҚ ЕНПФ YouTubeарнасынан көруге болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
30 декабря 2023
Дата обновления
30 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы