Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ербол Жолданғар Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың өзекті мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық, жауапкершілік, әділдік және заңдылық қағидаттарын басшылыққа алудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп талаптарын сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталды.
Бүгін Есіл ауданында қысқы қар тазалау және көше-жол желісін күтіп-ұстау жұмыстарына тартылатын арнайы техниканың дайындығы тексерілді.
Жалпы биылғы қысқы маусымға 400-ден астам арнайы техника дайындалды. Олардың қатарында автогрейдерлер, жинаушы және фронтальды тиегіш көліктер, суарып жуатын көліктер, құм сепкіш машиналар, тазалап сыпыратын щеткалы көліктер, шағын тиегіштер, роторлы қар тазалағыштар мен өздігінен түсіретін жүк көліктері бар. Ал көшелер тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етуге биыл 500-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылады. Алайда, қардың қалың түскен күндерінде арнайы техника саны 700-ге дейін, ал тазалық қызметкерлері саны 1000 адамға дейін ұлғайтылады.
Санитарлық тазалау жұмыстарының жалпы аумағы шамамен 15 миллион шаршы метрді құрайды.
Басты міндет — қарды уақтылы тазалау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қыс мезгілінде тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалуына жағдай жасау.
«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заң талаптарын түсіндіру мақсатында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Есіл ауданы әкімінің аппараты қызметкерлеріне профилактикалық дәріс өткізді.
Дәріс барысында қатысушыларға қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері, қаржы пирамидаларының қызметі, дропперлік және цифрлық қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ алаяқтық схемаларды анықтау тәсілдеріне, жеке және банк деректерін қорғауға, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық қағидаларына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаржылық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Есіл ауданында күзгі дератизациялық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиналысқа көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ МИБ және ПИК төрағалары қатысты.
Кездесу барысында ветеринария және фитосанитария бөлімінің басшысы алдағы күзгі кезеңде жүргізілетін дератизациялық жұмыстардың жоспарымен таныстырып, іс-шараларды сапалы әрі тиімді өткізу мақсатында бірлескен жұмыс жүргізуге шақырды.
Сондай-ақ дератизациялық жұмыстарды уақтылы ұйымдастыру, тұрғын үйлердің санитариялық жағдайын сақтау және кеміргіштердің таралуына жол бермеу мәселелері талқыланды.
Көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар, ОСИ және КСК арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылдың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Бүгін Есіл ауданының әкімі Дәрменияр Қыдырбек-ұлы мемлекет басшысының атынан көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 4 тамыздағы №1388 Жарлығына сәйкес ауданымыздың 4 анасы «Алтын алқа», 11 анасы «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Аудан әкімі аналарды жоғары мемлекеттік наградаларымен құттықтап, отбасыларына амандық, зор денсаулық, береке-бірлік тіледі.
1 қыркүйек Есіл ауданының барлық мектептерінде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Білім күніне орай аудан әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы №85 мектеп-лицейіне барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Әсіресе бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше. Ал мектеппен қоштасар сәті жақындаған 11-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар кезеңнің белгісі.
Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бастауыш сынып оқушыларына жоғары сынып оқушылары ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік шара соңында аудан әкімі мектептің материалдық-техникалық жағдайымен танысып, білім ордасының тыныс-тіршілігін көрді. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының алғашқы күнінде ұйымдастырылған ашық сабаққа қатысып, ұстаздар мен оқушылардың оқу процесін бақылады.
Есіл ауданында нысандардағы сыртқы жарнама мен маңдайшаларды елорданың сәулеттік келбетіне сай ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Мақсат – қала көрінісін біріздендіріп, ғимараттардың сәулетімен үйлесетін, жинақы әрі заманауи орта қалыптастыру.
Жарнама нысандарын орналастыруға қойылатын талаптар мен елорданың дизайн-коды туралы толық ақпаратты «Астана қаласының Урбанистика орталығынан» алуға болады.
«Есіл» ауданының аумағында заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Бүгінгі таңда арнайы техниканың көмегімен 15 мың тоннадан астам қалдық шығарылып, анықталған қоқыс орындары толық тазартылды.
Қайтадан қоқыс тастау фактілерінің алдын алу мақсатында өту жолдарына шектеу аркалары мен антитарандық блоктар орнатылды.
Сонымен қатар, тазартылған аумақтардың жағдайына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Заңсыз қоқыс үйінділерінің қайта пайда болуына жол бермеу және аудан аумағының санитарлық жағдайын сақтау бойынша жұмыстар жалғасуда.