"Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі
" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел
2023 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар күнтізбесінің аясында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ХӘҚҚ) бірлескен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қолдауымен «Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі» атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймыз.
Конференцияның мақсаты: зейнетақы саласындағы бастамаларды талқылау және әлемнің үздік тәжірибелерін ескере отырып, әртүрлі елдердегі зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін шешудің заманауи тәсілдерін талдау.
Конференция делегаттарының алдында құрметті қонақтар сөз сөйлейді. Олардың арасында ХӘҚҚ, халықаралық ұйымдар, шетелдік мемлекеттік органдар, зейнетақы қорлары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және т. б. ұйымдардың өкілдері де болады.
Конференцияға қатысушылар зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі түйткілдерін және оларды шешу жолдарын, әлеуметтік және зейнетақы саласы жүйелерінің болашағын: даму келешегі мен негізгі драйверлерін және көптеген басқа да мәселелерді талқылайды.
Конференция аясында халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы, халықты қамту және ақпараттандыру, инвестициялық стратегиялар, тәуекелдерді басқару және қадағалауды реттеу және т. б. тақырыптарда панельдік сессиялар мен пікірталастар өтеді.
Дөңгелек үстел секцияларын Григорий Марченко, Болат Жәмішев, Ораз Жандосов, Әнуар Сәйденов сияқты әлем мойындаған сарапшылар мен қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің сәулетшілері жүргізеді.
Дөңгелек үстел бағдарламасымен enpf.kz сайтында мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://pension-conference2023.enpf.kz/program
Конференцияға онлайн режимінде қатысу үшін тіркелу enpf.kz сайтында мына сілтеме бойынша ашық: https://pension-conference2023.enpf.kz/
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).