006 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі»

 

 

1-қосымша

 

«Бекітілді»

«Астана қаласының коммуналдық

шаруашылық басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

басшысының бұйрығымен

«____» __________ 2024 жыл

МӨ

 

 

2-қосымша

 

«Астана қаласының коммуналдық

шаруашылық басқармасы»

мемлекеттік мекемесі басшысының

2024 жылғы 26 ақпандағы

№ 45 бұйрығына қосымша

 

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА

 

5170001 Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы

(бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы)

2024–2026 жылдарға арналған

 

Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 006 «Су беру және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі»

Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Сыздыков Е.А. – «Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негіздері:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі, 106-бабының 4-тармағы, 75-бабының 2-тармағы;

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, 1-бабының 4-тармағы, 105-бабының 3-тармағы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы, 5-бабының 2-тармақшасы;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, 1-бабының 16-3 тармақшасы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы «Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) ережелерін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы «Бюджетті орындау және оның кассалық қызметін көрсету ережелерін бекіту туралы», 295-бабының 3-тармағы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету ережелерін бекіту туралы», 34-баптың 9-тармағы, 2-бап;

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 114/15-VIII шешімі «Астана қаласын 2021–2025 жылдарға дамыту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 129/18-VII шешімге);

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 241/31-VIII шешімі «2024–2026 жылдарға арналған Астана қаласының бюджеті туралы 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 113/15-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Бюджеттік бағдарламаның түрі:

Мемлекеттік басқару деңгейі бойынша: облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана;

Мазмұны бойынша: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;

Іске асыру тәсілі бойынша: жеке;

Ағымдағы/даму: ағымдағы.

 

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

Су бұру саласында қызметтер көрсетуге бағытталған су шаруашылығы қызметін жүзеге асыру, соның ішінде магистралдық және тарату желілері арқылы нөсер, дренаж және жер асты ағынды суларын бұру, оларды тазарту және әрі қарай қайта пайдалану немесе табиғи су айдындарына шығару.

 

Қорытынды нәтиже:

Нөсер, дренаж және жер асты ағынды суларын 100% уақтылы бұру;

Астананың аумағын су басу жағдайларын болдырмау;

Шарттық міндеттемелердің 100% орындалуы;

Қалаларда ағынды суларды тазарту деңгейі – 100%.

 

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Нөсер, дренаж және жер асты суларын үзіліссіз және уақтылы бұруды қамтамасыз ету; нөсерлі кәріз жүйелерін пайдалану, қайта құру, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу; нөсерлі кәріз объектілерінде және жүйелерінде жаңа технологиялар, материалдар, жабдықтар мен есепке алу құралдарын енгізу; энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану.

 

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, жалпы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, оның ішінде:

Өлшем бірлігі

2022 жыл (есепті жыл)

2023 жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

Жоспарлы кезең

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

«Су беру және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі»

мың теңге

 

 

10 300 000,0

 

 

Жергілікті бюджет есебінен, оның ішінде

мың теңге

 

 

10 300 000,0

 

 

Нөсерлік кәрізді / су бұру арығын күтіп ұстау/пайдалану/тазалау қызметтері (ЕлордаEcoSystem)

мың теңге

 

 

7 300 000,0

 

 

Жергілікті және атмосфералық еріген су ағындарын бұру және тазалау қызметтері

(«Астана Су Арнасы» МКК)

мың теңге

 

 

2 000 000,0

 

 

Су бұру жүйесіндегі жағымсыз иістерді жоюға реагенттер алу

(«Астана Су Арнасы» МКК)

мың теңге

 

 

700 000,0

 

 

Су бұру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету: ағынды суларды айдау үшін насос пен құбырлар алу

мың теңге

 

 

200 000,0

 

 

Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығыстар

мың теңге

 

 

10 300 000,0

 

 

 

Бюджеттік ішкі бағдарламаның коды мен атауы: 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»

Бюджеттік ішкі бағдарламаның түрі: Мазмұны бойынша: мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету;

Ағымдағы/даму: ағымдағы.

Бюджеттік ішкі бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Астана қаласы аумағында нөсер кәріз жүйелерінің үздіксіз жұмысын және техникалық пайдалануын қамтамасыз ету, сондай-ақ нөсерлік, тасқын және дренаждық суларды уақтылы бұру және тазалау.

 

Тікелей нәтиженің көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2022 жыл (есепті жыл)

 

2023 жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

 

Жоспарлы кезең

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Нөсер кәрізін / су бұру арығын күтіп ұстау, пайдалану, тазалау қызметтері (ЕЭС)

усл

 

 

1

 

 

Жергілікті және атмосфералық еріген су ағындарын бұру және тазалау қызметтері (АСА)

усл

 

 

1

 

 

Су бұру жүйесіндегі жағымсыз иістерді жоюға реагенттер алу қызметі («Астана Су Арнасы» МКК)

усл

 

 

1

 

 

Су бұру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету: ағынды суларды айдау үшін насос пен құбырлар алу

усл

 

 

1

 

 

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, оның ішінде:

Өлшем бірлігі

2022 жыл (есепті жыл)

2023 жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

Жоспарлы кезең

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

«Су беру және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі»

мың теңге

 

 

10 300 000,0

 

 

Ішкі бюджеттік бағдарламаның жалпы шығыстары

мың теңге

 

 

10 300 000,0

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2024