GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Орта білім
30 сентября 2026
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕРІ

ЕЛОРДАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР «АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ.

«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГІ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ПЕДАГОГТЕРДІ ІРІКТЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН  КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС, ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ.

  1. Булебаева Алима Канатовна, Астана қаласы әкімдігінің «№ 73 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
  2. Жарасбаева Дарига Аскаровна, Астана қаласы әкімдігінің «Әлімхан Ермеков атындағы № 38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, көркем еңбек пәнінің мұғалімі;
  3. Оспанова Гульмира Нургазыевна, Астана қаласы әкімдігінің «№ 93 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, химия пәнінің мұғалімі.
  4. Нукебаева Бахытхан Сеитхановна, Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  5. Аскарбекова Балымкул Дайрашовна, Астана қаласы әкімдігінің «Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, математика пәнінің мұғалімі.

 Әріптестер, жеңіс құтты болсын!

 

Мектепке дейін тәрбие беру және оқыту
07 августа 2026
Астана қаласы әкімдігінің №47 «Ақ желкен» балабақшасы МКҚК II обьектісіне 2026-2027 оқу жылына балаларды топтастыру басталады

Құрметті ата-аналар!

2026 жылғы 11 тамыздан бастап Астана қаласы әкімдігінің №47 «Ақ желкен» балабақшасы  МКҚК II  обьектісіне 2026-2027 оқу жылына балаларды топтастыру басталады.

Мекенжайы: Көктал-1 тұрғын алабы, Көкжиек көшесі  4.

Топтастыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы                                    30 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген Алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады.

Осыған байланысты төмендегі талаптарға назар аударуларыңызды сұраймыз:

- ED24.kz мобильді қосымшасын орнатып, авторизациялау;

- «INDIGO - электрондық балабақша» жүйесіндегі жеке кабинетке қолжетімділікті тексеру (логин мен құпиясөздің өзекті екеніне көз жеткізу);

- өтініштің мәртебесін тексеру. Өтініш белсенді болуы, мұрағатта болмауы, қолданылу мерзімі өтіп кетпеуі және тоқтатылған мәртебеде болмауы тиіс;

- алдын-ала балабақшаны таңдап қою.

Техникалық сүйемелдеу бойынша барлық нұсқаулықтар Indigo24.kz порталындағы «INDIGO – электрондық балабақша» жүйесінің «Пайдалы ақпарат» бөлімінде орналастырылған.

 

Назар аударыңыз! Бос орындар алдымен күту парағындағы кезектілікке сәйкес бөлінеді.

⚠️ Мектепке дейінгі ұйымда бос орын пайда болған жағдайда ақпараттық жүйе күту парағында бірінші тұрған қызмет алушыға проактивті түрде хабарлама жібереді. Егер қызмет алушы 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде жауап бермесе, оның өтінімі күту парағынан алынып тасталып, хабарлама кезектегі келесі қызмет алушыға жіберіледі.

⚠️ Егер өтінішіңіз белсенді болса, хабарлама белгіленген кезектілікке сәйкес ED24.kz мобильді қосымшасына және «INDIGO – электрондық балабақша» жүйесіндегі жеке кабинетке жолданады. Алгоритмнің 3-тарауына сәйкес ақпараттық жүйе кезекте бірінші тұрған қызмет алушыға Алгоритмнің 7-қосымшасына сәйкес ваучер беру туралы хабарлама жібереді. Қызмет алушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ваучерді мектепке дейінгі ұйымда пайдалануға келісімін растайды немесе одан бас тартады.

⚠️ Ваучерден бас тартқан жағдайда кезек жойылады.

⚠️ Егер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауап берілмесе, өтініш белсенді емес мәртебеге ауыстырылып, 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн бойы ваучер алуға қатыспайды.

Баланы балабақшаға қабылдау үшін төмендегі медициналық құжаттарды алдын ала дайындау қажет:

- баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;

- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;

- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052-2/у нысанындағы «Баланың денсаулық паспорты»;

- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/у нысанындағы медициналық анықтама.

⚠️ Ваучерлер автоматты түрде беріледі. Ваучердің берілгені туралы хабарлама ED24.kz мобильді қосымшасына және «INDIGO – электрондық балабақша» жүйесіндегі жеке кабинетке жолданады.

⚠️ Туындаған сұрақтар бойынша ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері Көктал-1 тұрғын алабы, Көкжиек көшесі  4 мекенжайында орналасқан  №47 «Ақ желкен» балабақшасы  МКҚК II  обьектісіне жүгіне алады.

Назар аударыңыз!
Балабақшаны таңдау барысында  №47 «Ақ желкен» балабақшасы  МКҚК II  обьектісіне таңдау жасау қажет.

 

Назар аударғандарыңызға рақмет! Қажетті ақпаратты уақытылы тексеріп, ваучер туралы хабарламаны өткізіп алмауларыңызды сұраймыз.

 

Жергілікті атқарушы органның ЖОО-на гранттары
28 мая 2026
Астана қаласының Білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау аяқталуы туралы анонс
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында 2025 ж. СЖТІТ аяқталғанын жариялайды.
 
20 мая 2026
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау туралы хабарландыру

Астана қаласының Білім басқармасы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы                 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға                    2026 – 2030 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар       2026 жылғы 21 мамырдан бастап 26 мамырға дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға                           7-қосымшадағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

Әрбір жариаланған мамандық бойынша ақпараттық карта толтырылады.

 

Жергілікті атқарушы органның ЖОО-на гранттары
30 апреля 2026
Астана қаласының Білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс 2026 жылғы 24 сәуірден бастап 2026 жылғы 24 мамырға дейін «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау жүргізіледі. Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша асырылады: 1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жергілікті атқарушы органның ЖОО-на гранттары
06 марта 2026
Анонс

«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» интернет порталында орналастырылатынын хабарлайды.

 

Осыған байланысты аталған жобаны талқылау үшін қатысуға шақырамыз.

 

Жоба мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=13005&type=2

 

Құру күні: 05.03.2026 ж.

Актуалды 20.03.2026 ж.

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 26.03.2026 ж.

Жергілікті атқарушы органның ЖОО-на гранттары
06 марта 2026
Баспасөз релизі

 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігі қаулысының жобасына (одан әрі – Қаулы).

         Қаулы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының              2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

         Қаулы  2026 жылғы 5 наурызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=13005&type=2



 

Техникалық және кәсіптік білім беру
26 февраля 2026
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым конкурсын өткізу туралы

ХАБАРЛАМА

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 31 наурызда Астана қаласының мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру қалалық конкурсы өтетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен «Гранттар конкурсы» деген белгі тәртібі мен оның өлшемдері белгіленген Қағидаларының 11-тармағындағы өлшемдерге сәйкес (рейтингілік көрсеткіштер) тиісті құжаттарды Білім басқармасының кеңсесіне ағымдағы жылғы наурыздың 19 - 26 аралығында тапсыру қажет.

30 января 2026
Астана қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Астана қаласының білім басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің «2025-2026 оқу жылына арналған Астана қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 107-4226 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.

Осыған байланысты Сіздерді осы жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.

 

Жоба осы сілтемемен қолжетімді:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15749242

 

 

Мектепке дейін тәрбие беру және оқыту
15 декабря 2025
«Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз релизі

 «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігі қаулысының жобасына (одан әрі – Қаулы).

Қаулы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

Қаулы  2025 жылғы 9 желтоқсанда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2061599&type=3).

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы