Меню

Страницы

Статья

Электрондық жүйелермен жұмыс істеу кезінде сақ болуды және абай болуды сұраймыз

Құрметті ата-аналар!

 

Электрондық жүйелермен (Индиго электронды порталымен) жұмыс істеу кезінде сақ болуды және абай болуды сұраймыз. Өз дербес мәліметтеріңізді, есептік деректеріңізді ешқашан ешкімге бермеңіз!

 

Бұл әсіресе балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау мәселесіне қатысты. Өкінішке орай, Интернет желісінде азаматтарды адастырып, балабақшаларға ақылы негізде жолдама алып беру бойынша қызметтерді ұсына отырып, әрекет етуші тұлғалар кездесуде.

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай адамдардың әрекеттері заңсыз болып табылады.

 

Жеке кабинет иелерінің ешқайсысы үшінші тұлғаларға қолжетімділікті беруге құқығы жоқ. Ақпараттық жүйе жұмыс басталар алдында немесе қызмет көрсетер алдында әрқашан пайдаланушыдан жұмыс ережелерімен танысуды талап етеді.

 

Сіздің дербес деректеріңіз (ЖСН, телефон нөмірлері, құжаттардың көшірмелері, жеке кабинеттердің есептік жазбалары) — бұл қазіргі заманғы цифрлық құндылық. Мұндай ақпаратты өзге адамдарға бергеннен кейін, біраз уақыттан кейін Сіз күтпеген және жағымсыз жағдайға жолығуыңыз мүмкін.

 

Сіздерден өтінеріміз! «Жақсы сиқыршылардың» қызметтерін пайдалану арқылы бір сәтте сынға түсіп, болашақта өзіңіздің әрекеттеріңіздің ықтимал салдары туралы толық ойланыңыз.

 

Кезекке тұру, балабақшаға тіркелу және басқа да электрондық қызметтерді алуды ата-ана өз бетінше жасауы керек. Тіпті балабақшаның өзі сіз үшін мұндай операцияларды жасай алмайды! Бұған ерекше назар аударыңыз. Егер балабақша сізден жеке кабинеттің есептік деректерін сұраса немесе балабақшаға жолдама алып беруді ұсынса — бұл заңсыз! Өз дербес деректеріңізді тек өзіңізде ұстаңыз.

Туындаған сұрақтар бойынша келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 557249, 556864, 556874.

 

 

 

Дата публикации
21 апреля 2022
Дата обновления
21 апреля 2022
Тип
Жаднама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында атқарылған жұмыстар
Жаднама
12 мая 2026
Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі
Жаднама
12 мая 2026
Зейнетақы жинағыңызды пайдалану бойынша қызмет ұсынатын делдалдарға сену – аса қауіпті!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы