Астана қаласының Білім басқармасы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Акция шеңберінде мектептерде, балабақшалар мен колледждерде экологиялық сабақтар, танымдық іс-шаралар, волонтерлік бастамалар, көгалдандыру және аумақтарды тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
2026 жылғы 14 қыркүйекте «Су – Қазақстанның байлығы: бағала, қорға, сақта!» тақырыбында бірыңғай экосағат өткізіліп, оған 300 мыңға жуық білім алушы қатысты.
Сонымен қатар, 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында «Таза мектеп – таза орта» қалалық сенбіліктері өткізілді. Аталған іс-шаралар аясында білім беру ұйымдарының аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы іс-шаралар білім беру ұйымдарында тұрақты негізде жалғасын табуда.