Құрметті ата-аналар мен білім алушылар!
Соңғы уақытта кейбір жеке білім беру орталықтарының заңға қайшы әрекеттер жасап, азаматтардың мүліктік құқықтарын бұзу фактілері тіркелуде. Осыған байланысты, төмендегі ескертулерге назар аударуларыңызды сұраймыз:
✅ Білім беру ұйымын таңдауда мынадай жайттарға ерекше көңіл бөліңіз:
•Ұйымның ресми тіркелу деректері мен лицензиясының бар-жоғын тексеріңіз;
•Бұрынғы қызметі мен ата-аналардың пікірлері бойынша толық ақпарат алыңыз;
•Келісімшарт жасасар алдында барлық құжаттарды мұқият қарап шығып, күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда мәміледен бас тартуға ұмтылыңыз.
⚠️ Алаяқтық әрекеттердің негізгі белгілері:
•Қызметтер туралы толық және нақты ақпараттың болмауы;
•Алдын ала заңсыз төлем талап ету;
•Расталмаған уәделер мен нәтижелер ұсыну;
•Келісімшарттың мүлдем болмауы немесе мазмұнының түсініксіз болуы.
📞 Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай әрекеттердің құрбаны болсаңыз, келесі мекемелерге жүгінуді ұсынамыз:
•Прокуратура органдарына;
•Полиция органдарына;
•Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне;
•Оқу-ағарту министрлігіне немесе жергілікті білім басқармасына.
🔍 Мемлекеттік органдар тарапынан азаматтардың құқықтарын қорғау, алаяқтықтың алдын алу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
❗ Сақтық — қауіпсіздіктің кепілі.
Балаңыздың сапалы білім алуы үшін тек лицензиясы бар, сенімді және тексерілген білім беру ұйымдарын таңдауға кеңес береміз.