Абдраимова Гульнара Фазылкаримовна
Абдраимова Гүлнар Фазылкәрімқызы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласында 1969 жылы 22 наурызда дүниеге келген.
1986 жылы № 2 Қарқаралы қаласының орта мектебің бітірген. 1989 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын түсіп, 1994 жылы осы институттың - «Экономика» мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Ұстаздық еңбек жолын 1995 жылдан бері Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінде арнайы пәндер оқытушысы қызметін атқарады. «Педагог-шебер» біліктілік санатына ие.
Жалпы еңбек өтілі 39 жылдам астам, соның ішінде педагогикалық еңбек өтілі – 30 жыл.
Гүлнар Фазылкәрімқызы түрлі кәсіби байқаулардың, соның ішінде 2017 жылы «Үздік педагог» қалалық және республикалық байқауының жеңімпазы атанды. «Педагогикалық идеялар» панорамасы республикалық байқауының аймақтық кезеңінің жүлдегері.
«Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау», «Кәсіпорындарда есеп пен талдау негіздері» оқу құралдарының авторы. Сонымен қатар мақалалары «КОЛЛЕДЖ», «Қазіргі заманғы білім беру» республикалық басылымдарында жарияланған.
Ұлттық тестілеу орталығының тест тапсырмаларын құрастырушысы, IQAA сарапшысы, «Үздік педагог» республикалық байқауының және ТжКБ педагогтерін аттестаттау жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі.
Ұстаздың студенттері қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанды: Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Мен – кәсіпкермін» қалалық байқауында, Астана қаласында өткен «Менің алғашқы бизнесім» атты бизнес-идеялар қалалық конкурсында, Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне арналған «Мен – кәсіпкермін» республикалық гранд-турнирінде, Мәскеуде «WorldSkills» Еуразия чемпионатында «Кәсіпкерлік» құзыреті бойынша.
Гүлнар Фазылкәрімқызы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының, Білім беру ұымының үздік педагогі төсбелгісінің, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің, «Астана қаласының құрметті педагогі» төсбелгісінің, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалінің иегері.