"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" 2024

Байулова Гулназия Сабыровн

Гулназия Сабыровна Байулова Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Байқоңыр ауылында 1959 жылы 20 қазанда дүниеге келген.

1975 жылы  № 4 Байқоңыр орта мектебін бітірген түлектермен бірге комсомол жастар бригадасының құрамында туған ауылында 2 жыл  шопан болып еңбек етті.

1977 жылы Жезқазған педагогикалық училищесіне түсіп,  1980 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша  аяқтады.

Ұстаздық еңбек жолын 1980 жылы  туған жері  Қарағанды  облысы  №4 Байқоңыр орта мектебінде бастады.

1980 жылы Жезқазған педагогикалық институына география пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсті.

Жалпы еңбек өтілі 49 жылдан астам, соның ішінде  педагогикалық еңбек өтілі - 45 жыл.

2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін  № 9 «Зерде» мамандандырылған лицейде  «бірінші санатты» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және  «педагог-шебер» біліктілік санатты география пәнінің мұғалімі қызметін атқаруда.  

Түрлі кәсіби байқаулардың, соның ішінде қалалық «Жыл мұғалімі», авторлық бағдарламалар, пәндік байқаулардың, «Үздік кабинет» байқауының қатысушысы және жүлдегері.

Гулназия Сабырқызы 7-11 сыныптарға арналған «География пәнінен олимпиада тапсырмалары» әдістемелік құралының (республикада таратуға ұсынылған) және 7 сыныпқа арналған «Метеорология және климатология негіздері»  арнайы  курсының  авторы.

Гулназия Сабырқызы республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қалалық кезеңінің  ІІІ дәрежелі диплом иегері.

Ұстаз көптеген республикалық,  қалалық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындады. 8 оқушысы республикалық, 20 шәкірті қалалық пәндік  олимпиада мен ғылыми жобалардың жүлдегерлері.

Байулова Гулназия Сабырқызы – мектептің оқу-тәрбие үдерісі мен әдістемелік жұмысын басқарудың өзіндік стилі бар тиімді және білімді менеджер.  Оның мектептің дамуына қосқан үлкен үлесінің нәтижесінде  мектеп  «Ең үздік заманауи мектеп», мамандандырылған мектептер арасында үздік «100 мектеп», «Үздік 10 мектеп»  қатарына енді.

Жұмыс барысында 113 түлек «Алтын белгі» төсбелгісін алды, 91 түлек әлемнің беделді жоғары оқу орындарына түсті, оның ішінде 33-і Мәскеу мемлекеттік университетіне, 150 түлек  Назарбаев университетінің грантына,  459 түлек Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарының грантына ие болды.

Гулназия Сабырқызы  «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі,  «Ыбырай Алтынсарин»  төсбелгісінің  иегері.

Дата публикации
13 декабря 2024