Тердікбай Күшай
1953 жылғы 28 қаңтарда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген.
1978 жылы Моңғол мемлекеттік университетін бітіріп, математика магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын Өлгейдегі 10 жылдық, Цеңгелдегі 8 жылдық мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1984-1990 жылдар аралығында Ногооннуур 10 жылдық мектебінде директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарды.
1990 жылдан 1999 жылға дейін - Өлгей 10 жылдық мектебінің директоры.
Одан кейінгі жылдары 1999-2007 жж. облыс әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі, сондай-ақ Моңғолия білім және мәдениет басқармасының басшысы болды.
2007 жылы тарихи отанына қоныс аударған ол Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасып, математика және физика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
2019 жылдан бастап Астана қаласындағы Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
Тердікбай Күшай «Үздік педагог – 2018» байқауының қалалық турының Гран-при иегері, сол жылы «Үздік педагог – 2018» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
2020 жылдан бастап – Республикалық математика пәні мұғалімдері қауымдастығының президиум мүшесі, 2021 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанындағы математика бойынша консультативтік кеңестің мүшесі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Қазақстан Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің сарапшысы.
Тердікбай Күшай 2021 жылдан бері «Астана Қаласының Құрметті Педагогі» құрметті атағының иегері. Оның есімі «Астана қаласының білім беру жүйесінің алтын қоры» кітабына енгізілген.
Ол өзінің мол тәжірибесінің нәтижесінде жеке оқыту әдістемесін жасап, оны өз тәжірибесіне сәтті бейімдеді. Оқушыларды нақты ғылымға баулу мақсатында өзіндік оқыту әдістемесін енгізіп, математикадан қалалық, республикалық олимпиадалар мен олимпиадалардың көптеген жеңімпаздарын дайындады. Мәселен, оның 25 шәкірті республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы, 8 оқушысы халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері.
Мұғалім еңбегінің нәтижесі ретінде «Логикалық математика және ойды дамыту» оқу-әдістемелік кешеніне авторлық құқықты алу болып табылады. Бұл жұмысқа 2 (екі) түпнұсқа бағдарлама, 1-11 сынып оқушыларына арналған 32 оқу-әдістемелік құрал, 4-16 жас аралығындағы балаларға арналған оқу-әдістемелік кешен кіріп отыр.
Дарынды балаларды анықтау мен іріктеудегі, Қазақстан Республикасындағы олимпиадалық қозғалысты дамытудағы жемісті еңбегі үшін мұғалім бірнеше рет Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің алғысымен және «Олимпиада қозғалысына адалдығы үшін» атағымен марапатталған.
Тердікбай Күшай – «Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері.