"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" 2024

1971 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Коммунаре кеңшарында дүниеге келген.

1996 жылы Жамбыл педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Б.Адамбаев атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

2002 жылы Тараз қаласына көшіп келді. 2002 жылдан 2014 жылға дейін Тараз қаласындағы №43 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

2014 жылы отбасылық себептермен Астана қаласына қоныс аударған. 2014 жылдан бастап Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі болып жемісті еңбек етіп келеді.

Ол өзінің мол тәжірибесінің нәтижесінде мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға арналған көмекші құрал жасады.

2006 жылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал ретінде «3-4 сыныптар үшін логика пәніне арналған тапсырмалар» жинағын құрды. Ол сондай-ақ ата-аналар мен бірінші сынып оқушылары үшін ресурс ретінде «1 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптері» жирағын құрастырды.

Айгул Тургамбаевна Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі, Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен алғысмен марапатталған.

Айгул Тургамбаевна  «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына 2023 жылы ие болған.

 

Дата публикации
03 декабря 2024