«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 2024 жылғы 16 қазаннан бастап 2 962 (екі мың тоғыз жүз алпыс екі) орынға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурс өткізілгендігін хабарлайды.
2024 жылдың 16 - 18 қазан күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының 1 параграфы, 14 тармағына сәйкес Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін құжаттарды ұсынды.
Мектепке дейінгі ұйымнан мемлекеттік тапсырысты алу үшін 24 өтінім (1343 орынды қамтитын) келіп түсті.
Қағидалардың 18-тармағына сәйкес, Комиссия 2024 жылғы 21-25 қазан күндері құжаттарды ЖПҚБ-да тіркеуді аяқтауды қоса алғанда, мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттарды, оның ішінде тиісті ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық поштадан келіп түскен құжаттарды қарады. Құжаттар әлеуетті қызмет көрсетушілердің қатысуымен міндетті бейне және аудио жазбаға түсіріліп қаралды.
Қағидалардың 19-тармағына сәйкес 2024 жылғы 28 қазан мен 1 қараша аралығында ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарға бару жүргізілді.
2024 жылғы 4-6 қараша күндері шешім қабылдау және осы Хаттаманы Астана қаласы Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында жариялау бойынша Комиссия отырысы өтті.