Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (01.03.2023 ж. № 56 өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің (бұдан әрі – Қағидалар) 8-тармағын орындау мақсатында арнайы, мамандандырылған Білім беру ұйымдарында, жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарында және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Қағидалардың 2-тарауының 10-тармағына сәйкес (2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрыққа 2-қосымша) орта білім беру ұйымдарының, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
1) осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) - 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және / немесе Құқық қорғау органдарының өкілдері-1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері-1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) - 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.
9-тармаққа сәйкес кандидаттар Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Кандидаттар кәсіби (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтер береді.
11-тармаққа сәйкес Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады.
Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген