Астана қаласының Білім басқармасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы (әрі қарай - Қағидалар) 7 тармағына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлік кәсіпкерлік палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТКОБКБ ұйымдары) орналастырылады.
ТКОБКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшадағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады (Стандарт қоса ұсынылады).