«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымға конкурс жариялайды

«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымға конкурс жариялайды:

 

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысы (мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы,                   33 ғимарат).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты –                    150 000 теңгеден 180 000-ға дейін.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес.

"үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары не "ұйымдастырушы-басшы" немесе "басшы-менеджер" немесе "көшбасшы-басшы" біліктілік санатының болуы.

 

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.   Штаттық кестені анықтайды және бекітеді. Даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады;

      бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді. Республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген. Кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді. Педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді. Педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс. Өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды. Әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді. Есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер. Педагогика және психология негіздері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметінің нормалары. Педагогикалық этиканың нормалары. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                    2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы                                                       № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

Конкурс құжаттарын қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн бойы жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

 

Конкурстың өткізілу орны «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ.

 

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы,  Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ № 711 кабинет. Анықтама телефондары:                              55 68 55 55 68 57, 55 67 56, 55 74 48.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Өтініштің нысаны

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

 ________________________________________________________________________________________________________________________________________

кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

 ____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

 ____________________________________________________________________

 ____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

 

Өтініш

 

Мені ________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос лауазымына/уақытша

(білім ұйымының атауы)

бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

Қазіргі уақытта ________________________________________________________________________________________________________________________ жұмыс жасаймын.

(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)

 

Конкурс қағидаларымен таныстым:

Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

____________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар  болса) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

 

Келісемін: ________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)

 

Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

 

2022 жылғы "____" ______________ ____________________

                                                                           /қолы /

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 ноября 2022