«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарына конкурс жариялайды:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 9).

Лауазымдық айлықақысы – 450 000 теңге.

Орыс тілінде оқытатын мектеп-лицей. Бағыты – жаратылыстану-математикалық.                         1991 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 960 орындық.

  1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 35).

Лауазымдық айлықақысы – 450 000 теңге.

Қазақ және орыс тілінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия. Бағыты – жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық. 1960 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 930 орындық.

  1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 6 гимназия» ШЖҚ МКК директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 47/1 ғимарат).

Лауазымдық айлықақысы – 450 000 теңге.

Қазақ және орыс тілінде оқытатын гимназия. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық. 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 900 орындық.

  1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 мектеп-гимназия» КММ директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Московский көшесі, 23 ғимарат).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 542 теңгеден 135 293-ке дейін).   

Қазақ және орыс тілінде оқытатын мектеп-гимназия. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 1974 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 960 орындық.

  1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, А.Петров көшесі, 8 ғимарат).

Лауазымдық айлықақысы – 450 000 теңге.

Қазақ және орыс тілінде оқытатын мектеп-гимназия. Бағыты – жаратылыстану-математикалық. 1969 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1260 орындық.

  1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 34 орта мектеп» КММ директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Өндіріс тұрғын үй алабы, Тайбурыл көшесі, 23 ғимарат).

Қазақ тілінде оқытатын мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық. 2001 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 330 орындық.

  1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 41 орта мектеп» КММ директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын үй алабы, Ардагерлер көшесі, 1 А ғимарат).

Орыс тілінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 1970 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 460 орындық.

  1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 43 қосымша білім беру мектеп-орталығы» ШЖҚ МКК директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, тұрғын үй алабы Мичурино, Бастау көшесі, 2 ғимарат).

Лауазымдық айлықақысы – 450 000 теңге.

Қазақ және орыс тілінде оқытатын мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 1968 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 700 орындық.

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Б.Майлин атындағы № 52 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс «сол жағы) тұрғын үй алабы, Бурабай көшесі, 38 ғимарат).

Лауазымдық айлықақысы – 550 000 теңге.

Қазақ тілінде оқытатын мектеп-гимназия. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық.                        2006 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1820 орындық.

  1. Астана қаласы әкімдігінің «М.Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия» КММ директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын үй алабы, Құсмұрын көшесі, 2 ғимарат).

Қазақ тілінде оқытатын мектеп-гимназия. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық. 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1280 орындық.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі; немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы. Осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады; педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады; педагогикалық кеңесті басқарады; мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді; білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді; оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді; заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді; қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді; педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді; білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді; оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады; білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді; педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады; жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады; педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады; өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады; жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді; мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді; білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;  педагогика және психология негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; педагогикалық этиканың нормалары; менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар; республикалық әскери мектеп-интернаттың, облыстық Кадет мектеп-интернатының бастығы (директоры) Қосымша білуге тиіс: "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012  жылғы 21 ақпандағы                № 57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы бұйрығы негізінде өткізіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

Білім беруді басқару органы хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына орналастыру үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты (бар болса);

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме;

12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.

Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы                № 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы  тестілеу жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілетін орны «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы қатысады.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ № 713 кабинет немесе мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет). 

            АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 55 68 57, 55 67 56.

Электронды мекен-жай: d.alibekova@astana.kz.

  қазақша

Дата публикации
19 октября 2022