«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:

 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 «Алтынай» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А.Петров көшесі, 3/1).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 99 863 теңгеден 121 082 -ге дейін).

Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақша. 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 200 орындық.

 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 57 «Салтанат» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, тұрғын үй алабы Пригородный, Өтпе жолы 61, 6/1).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 99 863 теңгеден 121 082 -ге дейін).

Қазақ және орыс тілінде тәрбие беретін балабақша. 1970 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 140 орындық.

 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 63 «Әсем-Ай» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, 11.02.2023 жылға дейін негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзімі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Комсомол тұрғын алабы, Жұбан ана, 10).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 99 863 теңгеден 121 082 -ге дейін).

Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақша. 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 300 орындық.

 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 74 «Дәурен» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Интернациональный тұрғын үй алабы, А-135 көшесі, 7).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 99 863 теңгеден 121 082 -ге дейін).

Қазақ және тілдерінде тәрбие беретін балабақша. 2013 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 240 орындық.

 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 78 «Асыл» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі, 12/1).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 99 863 теңгеден 121 082 -ге дейін).

Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақша. 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 295 орындық.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл; немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

       арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;

      және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

 

Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады; педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады; педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды; "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді; тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;  ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды; ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;     тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді; әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;      тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады; педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді; педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды; ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары); "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар); компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология; экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; еңбек заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.

 

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012  жылғы 21 ақпандағы                № 57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

Білім беруді басқару органы хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына орналастыру үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы                № 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы  тестілеу жүргізіледі.

 

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

           

Конкурстың өткізілетін орны «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ.

 

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы қатысады.

 

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ № 713 кабинет.

           

            АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 55 68 55, 55 68 57, 55 67 56.

 

Дата публикации
05 июля 2022