Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі Білім беру ұйымдарын жасақтау

Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі Білім беру ұйымдарын жасақтау

2022 жылғы 15 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарда жоспарлы жасақтау жұмыстары басталатынын қуана хабарлаймыз.

Электрондық жүйеде www.Indigo24.kz мектепке дейінгі ұйымдарда (мемлекеттік, жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтар) босаған орындар саны 21 978 (2021 жылы-20 мың орын босаған), оның ішінде:

  • 2021 жылы туған балалар үшін - 162 орын;
  • 2020 жылы туған балалар үшін – 3542 орын;
  • 2019 жылы туған балалар үшін - 8 134 орын;
  • 2018 жылы туған балалар үшін - 6 210 орын;
  • 2017 жылы туған балалар үшін – 3 930 орын.

Бұл мәселеде барынша ашықтық пен айқындыққа қол жеткізу біздің бірінші кезектегі міндетіміз болып қала береді. Бұл үшін электрондық жүйенің ақпараттық бөлімінде «Орындарды босату хаттамасы» және «Жолдамаларды беру хаттамасы» сияқты ашық деректер қолжетімді, онда ата-аналарға: жарияланған орындар мен алынған жолдамалар туралы ақпарат қолжетімді.

Сондай-ақ, ата-аналарға қалған орындар туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін «Әлеуметтік желілер жаңалықтары» бөлімінде қалған орындар туралы қорытынды статистиканы шығару жоспарлануда.

Осылайша, біз жасақтау процесінің барынша ашықтығын қамтамасыз етеміз.

Осы жүйеде блокчейн технологиясы бөгде манипуляциялар мүмкіндігін барынша жоққа шығарады және өтініш берушілер арасында бос орындарды бөлу процесі үздіксіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жыл бойы жүзеге асырылады.

Әдістемеге сәйкес, жолдама алған кезде, кезектен тыс алушылар мен бірінші кезекте алушыларға 3 күн басымдық күні беріледі. Содан кейін 4-ші күні (еркін қол жеткізу күні) басқа кезекте тұрушыларға орындар кезек-кезек қолжетімді болады.

Келесі жеңілдікті санаттар басым құқықты пайдаланады:

кезектен тыс - әскери қызметшілердің балалары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің балалары (кезектен тыс).

Сонымен қатар, заңнаманың өзгеруіне сәйкес Индиго жүйесінде мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою кезінде жеңілдіктің жаңа түрі іске қосылды. Жеңілдік мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерінің балаларына арналған. Оның ішінде қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқандар, қайтыс болғандар немесе хабар-ошарсыз кеткендер де бар.

Бірінші кезекте - педагогтер, мүгедектер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың заңды өкілдері  (жеңілдіктердің осы санаты «үшке бір» ара-қатынасында жолдама алады: жеңілдік санатындағы бір өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші).

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар «INDIGO: электрондық балабақша» электрондық жүйесінде арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға, сондай-ақ балабақшалардағы түзету және инклюзивті топтарға жолдама алады.

Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және ата-аналарға ыңғайлы болу үшін жүйеде ата-ана мен мектепке дейінгі ұйым арасында «Электрондық шарт жасасуға» жаңа модуль енгізілді. Бұл толықтай қашықтық процедурасы, ата-ана өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта келісім-шарт жасай алады.

Электрондық жүйе қызметтерін пайдалану кезінде  сақ болуды сұраймыз. Өз дербес мәліметтеріңізді және есептік деректеріңізді ешқашан ешкімге бермеңіз!

Бұл әсіресе балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау мәселесіне қатысты. Өкінішке орай, Интернет желісінде балаларды балабақшаларға ақылы негізде орналастыру қызметтерін ұсынып, азаматтарды адастыратын тұлғалар бар.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай адамдардың әрекеттері заңсыз.

«Көмекшілердің» қызметтерін пайдалану туралы бір сәттік тілегіңізді сынға алыңыз және болашақта сіздің әрекеттеріңіздің ықтимал салдары туралы толық есеп беріңіз.

Жеке деректер (логин және пароль) үшінші тұлғаларға берілген жағдайда Индиго жүйесіндегі жеке кабинеттер бұғатталады.

Ағымдағы жылдың 30 мамырынан бастап барлық мемлекеттік балабақшалар базасында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналарға қажетті ақпарат алу үшін кеңес беру пункттері ұйымдастырылады.

2022-2023 оқу жылына арналған топтарды жасақтауды өткізу кестесі және жолдама алу инфографикасы Білім басқармасының интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-bilim), сондай-ақ электрондық жүйе сайтында орналастырылады (www.Indigo24.kz).

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 55-72-49, 55-68-64, 55-68-74, 34-65-74, 39-37-49, 44-09-08, 24-95-64, 56-11-54, 57-23-57, 39-38-21, 56 25 74, 50-13-74, 56-25-44, 28-62-88, 54-01-25.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балабақшаларға  жолдама алу алгоритмі

 

Балабақшаға қабылдау үшін жолдаманы қалай алуға болады?

Қадам 1. indigo24.kz сайтын ашу

Қадам 2. Ата-ананың «Жеке кабинетінде» авторизоваться ету

Қадам3. Өтінішті таңдау, «Жолдама алу», «Бос орындарды Іздеу» батырмасын басу

Қадам 4. Жүйе сіздің балаңыздың жасына сәйкес келетін топтарда бос орны бар барлық балабақшалар тізімін көрсетеді

Қадам 5. Бос орындар тізімін оқып, балабақша мен қабылдау тобын таңдаңыз

Қадам 6. «Жолдама алу» батырмасын басу

Қадам 7. «Таңдалған орын» блогында сіз таңдаған мектепке дейінгі мекеме туралы ақпарат көрсетіледі. Бәрі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.

Қадам 8. Егер бәрі дұрыс жасалса, өтініште көрсетілген телефон нөміріне электрондық жолдаманы алғаныңыз туралы хабарлама келеді

Қадам 9. Егер сіз кезектен тыс болсаңыз (әскери қызметшілер, арнайы органдардың немесе фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері) сізге жолдама алғаннан кейін 5 күн ішінде Білім басқармасында (Бейбітшілік көшесі, 11) жеңілдік санатын растайтын құжаттарды ұсыну қажет

 

 

 

Дата публикации
14 июня 2022