Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 96 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

«№ 96 мектеп-гимназия»

шаруашылық жүргізу құқығындағы

мемлекеттік коммуналдық

кәсіпорнын құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 42-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 134-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 96 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
  3. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Жакеновке жүктелсін.

 

Әкім                                                                                                 А. Көлгінов

 

 

Әкімнің орынбасары                                                                   Б. Жакенов

 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                Ж. Шәукентаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                  Қ. Маңқараев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Активтер және мемлекеттік

сатып алу басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                        Е. Өтебаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                               Қ. Сенғазыев

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 мая 2022