Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларын сақтау

   

     Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы 2022 жылғы 05 мамырда         сағат 16:00-де Бейбітшілік, 11 ғимаратында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі И. Базиловтың қатысуымен елордалық жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың және колледждердің басшыларына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын сақтау» тақырыбындағы кеңес өткізілді.

Кеңестің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларын сақтау және тұлғаның сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып табылады.

Сөз сөйлеу барысында И.С. Базилов білім беру мекемелерінің басшыларын ҚР Заңының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» негізгі ережелері туралы хабардар етіп, ҚР Қылмыстық Кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін шаралар мен жауапкершілікті атап өтті.

Өз сөзінде Ілияс Сағынтайұлы Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәулік бойы                       1414 coll-орталығының телефонына жүгіне алатынын еске салды.

Дата публикации
05 мая 2022